Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы 15.09.2022жылы Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында "Ана тілім-ардақты!" атты мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерге мемлекеттік тілмізді сүюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде,әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Тәрбиеленушілердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту,сөздік қорын молайту.
Мақсаты: Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге,халқымыздың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа ,достыққа тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі өздері екеніндеріне көз жеткізу, патриоттық сезімдерін ояту.
18.08.2022жылы МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында "Балалар жылы" аясында жазғы сауықтыру айының жоспарына сәйкес "Ең үздік құм мүсіні" байқауы өткізілді. Байқауға тәрбиеленушілер белсене қатысып, ең үздік құм мүсіні анықталып,марапатталды.
10.08.2022жылы №44 "Шаттық" бөбекжайы Балалар жылы қарсаңында жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес, "Көңілді спорттық ойындар"атты ойын-сауық ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру,спорттық ойын түрлерімен таныстыра отырып,оның ойнау әдістерін үйрету. Балалардың ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін қимыл-күш қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде татулыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Спорттық ойындар-балалардың сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады.Ойын балалардың ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады, көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады.
10.08.2022 жылы МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында шілде айында курстан өткен педагогтер Кантурлиева Т.М.,Жумагазина Ф.Е., Дүйсенбаева А.Т., Ерімбетова Н.А. "Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту" тақырыбында баяндамасы оқылып, курстан алған тәжірибелерін ортаға салды. Ұжымда тренинг өткізіп, педагогтердің көңіл-күйін көтеріп, жақсы курстан алған нәтижелерімен бөлісті.
Мақсаты: Балаларға ойын ойнатып, билетіп,ән айтқыза отырып,мерекелік көңіл-күй сыйлау. Белгілі бір ойын шартын орындау дағдыларын шыңдау. Әр баланың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
«Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.
Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.
Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді.
2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының ұйымдастыруымен тәрбиеленушілерінің шығармашылығына қолдау көрсету,өнерлі балалардың талантын насихаттау мақсатында "Балалық шағымның шуақты биі" атты байқауға қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. Бөбекжайымыздың хореограф маманы Аида Бекесқызын және тәрбиеленуші қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!
МКҚК №44 «Шаттық» бөбекжайында «Қош бол әсем бақшамыз!» атты МАД топтар арасында ертеңгіліктер өткізілді. Балаларға сәт-сапар, ақ жол тілейміз.
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы 1-маусым Халқаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес"Сен менің бақытымсың, балам!" атты-ата-аналардың құттау челленджін жолдайды.