Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Құрметті балалар, ата-аналар! Сіздерді МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды!Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Еліміздің ертеңі болар балаларымыз аман болсын!
24.05.2022 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №44 "Шаттық" бөбекжайының жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумды түсіндіру мақсатында бөбекжай қызметкерлерімен кездесу өткізді.
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы 26.05.2022 жылы ересек топтар арасында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Тарих бізді шақырады!"тақырыбында жергілікті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге саяхатқа барды.
Мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың өмір тарихымен таныстыру.
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайының №9 "Солнышко" тобының тәрбиеленушісі Қарасай Аяна Creative fest” республикалық хореографиялық конкурста Бас жүлде алды. Шын жүректен құттықтаймыз!
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы "Ең үздік аула" топтар арасында байқау ұйымдастырылды. Байқауға барлық топ атсалысып,қатысты. Ең үздік аула иегерлері дипломмен марапатталды.
Мақсаты: Ынтымақтыққа,достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі- өнегесін тәрбиеленушілердің бойына сіңіру.
Мақсаты: Балалардың өткен материалдардан білімін нығайту,қарапайым есептерді шешуге, сөздерді буынға бөлуге, өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын дамыту және эстетикалық танымдарын арттыру.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің жолда жүру ережелерін меңгеру,сақтыққа тәрбиелеу. Бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін пысықтау,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Оқу қызметін өткізген тәрбиешілер: Қамиева Жазира Аманқосқызы-педагог-модератор
Алагузова Райхан Зарифовна
Орыс тілі пәні мұғалімі Туберова Камила Халмурадовна-педагог-модератор
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Спорттық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы дамыту. Мейірімділікке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.