№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Жаңалықтар

МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында Республика күніне арналған іс-шара жоспары бойынша "Патриотизм дауысы" тақырыбында педагогтер мемлекеттік гимнді орындады.

14.10.2022 жылы МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында "Күз кереметі" атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ересек, МАД топтары қатысып, жүлделі орындар анықталып дипломмен марапатталды.

МКҚК №44 «Шаттық» бөбекжайының ұйымдастыруымен «Күз сыйы» атты байқауға №10 және №8 топтардың тәрбиеленушілерімен ата-аналарының еңбегі.

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Әр жыл мезгілдерінің өзіне тән қасиеттері бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа,бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп, өз сұлулығымен таң қалдырып, тірі жандардың жүрегінен орын алады. Сол мезгілдердің бірі- алтын күз, табиғатымызды сары жапырақтарымен сәндеп, қоңыр салқын ауа-райымен кенелтеді. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, молшылықтың, байлықтың, берекенің болатын уақыты. Осындай күз мезгілінің кереметін балаларымызға насихаттау барысында МКҚК №44 «Шаттық» бөбекжайы «Күз сыйы» тақырыбында жеміс-жидектер, көкөністерден жасалған көрме ұйымдастырды. Көрмеге ата-аналар,тәрбиеленушілер өз қолдарынан жасалған шығармашылықтарын паш етті.

МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында "Ана тілім-ардақтым!" атты мәнерлеп оқу байқауында №11 топ тәрбиеленушісі Жаңабай Диана бас жүлдеге ие болды. Диана биіктерден көріне бер, болашағың жарқын болсын!!!

Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр. (М.Мақатаев)

30.09.2022жылы МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында ұстаздар күніне орай "Ұстаз-ұлы тұлға" тақырыбында тәрбие сағаттары және ертеңгіліктер өткізілді.

Мақсаты: ұстаздардың адам өмірінде алатын орны зор екендігін,ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін тәрбиеленушілердің бойына дарыту.

МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы ата-аналары барлық мұғалімдерге, тәрбиешілерге олардың сіңірген еңбегі, білімі мен қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдіріп, балдарының топ тәрбиешілеріне дайындаған челленджін жолдайды

МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы барша ұстаздарды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайымыз!!!

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып,Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!

№44 "Шаттық" бөбекжайы педаготерінің ұстаздар күніне арнаған челленджін жолдаймыз.

МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайының №12 топ тәрбиеленушісі Энберхожа Аянат Қайрат Жалғасовты еске алуға арналған Республикалық Турнирінде Таеквондодан жүлделі ІІ орынға ие болды. Аянатқа жетістігің көп болсын! Биіктерден көрінуіне шын жүректен тілектеспіз!