№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Жаңалықтар

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Әр жыл мезгілдерінің өзіне тән қасиеттері бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа,бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп,  өз сұлулығымен таң қалдырып, тірі жандардың жүрегінен орын алады.

№44 «Шаттық» бөбекжайында 06.10.2023 жылы балабақша ішілік ұйымдастырылған отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларымен бірге қатысуымен өткізілетін «Шаңырақ» бейнероликтер байқауы өткізілді.

Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекеміз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздегі миллиондаған жас өрен өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және жұмыста еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын!

05.10.2023жылы №44 "Шаттық" бөбекжайында ұстаздар күніне орай "Ұстаз-ұлы тұлға" атты педагогтер арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мақсаты: Педагогтердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұстазға деген құрмет.

№44 «Шаттық» бөбекжайында Ақтау қаласының 60 жылдығына орай «Ақтау – көркем, әсем қала!» атты қолөнер байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларды Ақтау қаласымен таныстыру. Бөбекжай және ата-аналар арасындағы ынтымықтастықты нығайту. Өзінің туған еліне, жеріне деген қамқорлық, сүйіспеншілік қасиеттерне тәрбиелеу. 

29.09.2023 жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Тәрбиеленушілер ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
Тәрбиеленушілерге еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, үлкенді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

№44 «Шаттық» бөбекжайында  26.09.2023жылы «Ана тілім-ардағым!»атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
 Мақсаты: 1. Тәрбиеленушілердің өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің   көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді баланың бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру

№44 «Шаттық» бөбекжайында 18-22.09.2023 жыл аралығында
«Ана тілім-ардағым» атты тілдер апталығы аталып өтті.
Мақсаты: балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.
Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Бүгін Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, ұлт тарихындағы қайталанбас тұлға Абай атамыздың туған күні. Абай - қазақ әдебиеті ғана емес, ұлттың қалыптасу жолында шексіз еңбек еткен Ұлы тұлға!