Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
№44 "Шаттық" бөбекжайының тәрбиеленушісі Санақұл Нариман Республикалық " Zhastar" Көшбасшы Лидер журналына жетістіктері жарық көрді. Ол біздің мақтанышымыз!Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын. Еңселі еліміздің ертеңгі жастары да талантты,білімді де өнерлі саналы ұрпақтарымыз өсе берсін! Нариманның тәрбиешілері Кантурлиева Толғанай Мухаммеджанқызы және Қамиева Жазира Аманқосқызының еңбектері жана берсін!
№44 «Шаттық» бөбекжайы 1 қыркүйек білім күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
31.08.2023 жылы жоспарға сәйкес №1 педагогикалық кеңес өткізілді.
2023-2024 жаңа оқу жылының әдістемелік-нұсқаулық хат,стандарт, үлгілік оқу жоспарымен таныстыру және жылдық жоспарды бекіту.
Күн тәртібін, ұйымдастырылған іс-әрекет кестесін бекітіп, педагогтерге ұсыну.
№44 «Шаттық» бөбекжайында «Ас атасы-нан» дәндер патшалығына саяхат» атты жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Балаларға ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екенін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
17.08.2023 жылы жоспарға сәйкес №44 «Шаттық» бөбекжайында «Көңілді жаз» ойын-сауық өткізілді.
Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтере отырып, қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту. Шуақты көңіл - күй сыйлау. Жазғы табиғат ерекшелігін спорттық ойындармен байланыстыру. Өз ара татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
16.08.2023жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында «Мен және қоршаған орта» атты ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Мақсаты: Балаларды табиғат нысандарын адам қолымен жасалған заттардан,тірі табиғат нысандарын өлі табиғат нысандарынан ажырата білуге үйрету.Адамның табиғатпен үздіксіз байланыста болатынын түсіндіру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
15.08.2023жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында маусым, шілде, тамыз айларында біліктілікті арттыру курстан өткен педагогтермен кері байланыс жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Педагогтердің біліктілікті арттыру курстан кейінгі жұмыс нәтижесі, үйренген,жинаған тәжірибесін әріптестермен бөлісу.
08.08.2023 жылы №44 "Шаттық" бөбекжайында №11 "Жауқазын" тобының тәрбиеленушілері арасында "Көңілді алақандар" ойын-сауық өткізілді.
Мақсаты: Балаларға ойын ойнатып, билетіп, ән айтқыза отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Белгілі бір ойын шартын орындау дағдыларын шыңдау. Әр баланың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.Өткізген тәрбиеші: Кантурлиева Т.М.
Балалар тақырыпқа сай би билеп, тақпақтар айтып, ән шырқап көрерменді таң қалдырды. Ертеңгілік соңында балалардың ата-аналары ізгі тілектерін білдірді. Тәрбиеленушілерімізге болашақта тек қана ақ жол тілейміз!