Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Бөбекжайымыздың тәрбиеленушісі Мақсат Данил «Қазақ ұлттық ертегісі»
байқауының қалалық кезеңінде "Үздік орындаушы" номинациясын иеленді.
Бұл байқаудың мақсаты балалардың әртістік қабілеттерін дамытады,
олардың өз-өздеріне деген сенімділікті арттырады.
Жетістіктер апталығында №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Кантурлиева Т.М Тақырыбы: «Ауылға қонаққа барайық», №8 ересек тобының тәрбиешісі Жумагазина Ф.Е. «Құстар-біздің досымыз», №10 МАД тәрбиешісі Османова Р.А. «Умники и умницы» атты ашық кіріктірілген іс-әрекеттер өткізілді. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен ұйымдастырылған іс-әрекеттерді жақсы алып шықты. Жетістіктер апталығына әр бөбекжайдан 9 педагог қатысты. Қатысқан педагогтер өз пікірлерін білдіріп, бір ауыздан жоғары әдістемелік деңгейде өтті деп бағаланды.
04.05.2023 жылы №44 "Шаттық" бөбекжайында Ұлы жеңістің 78 жылдығына
орай "Біз жеңісті жырлаймыз" атты мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
Байқауға МАД және ересек топ тәрбиеленушілері қатысты. Жүлдегерлер
анықталып,дипломмен марапатталды. Бас жүлдені №8 "Айналайын"
тобының тәрбиеленушісі Санақұл Нұрислам иеленді І орынға Абдугапурова
Амина, ІІ орындарға Дәрібек Әлия және Жаңабай Диана иеленсе ІІІ орынды
Сұлтанғали Дания,Демиденко Софья алды
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы №3 кіші топ Д/о"Твистер-ғажайып пішіндер" Тәрбиеші Арманд Э.Ж.
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайы №12 "Балдырған" тобының тәрбиеленушісі Энберхожа Аянат Қазақстан Республикалық Тәуелсіздік күні және балалар жылы аясында, Тае-Квон-До жасөспірімдер және балалар арасындағы "Жігер" клубының ашық турнирінде ІІІ орын иеленді. Аянат жеңісің құтты болсын!
МКҚК №44 «Шаттық» бөбекжайы Сіздерді келе жатқан 2023 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар тілейміз!
21-29.12. 2022 жыл аралығында «Жадырашы-Жаңа жыл!» атты ертеңгіліктер өткізілуде.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
30.01.2023 жылы жылдық жоспарға сәйкес ересек топтар арасында "Ханталапай" ұлттық ойыннан байқау ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан топтар арасынан жүлделі орын анықталып, марапатталды.
13.12.2022жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу әдістемелік орталығының" КММ 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін атап өтуге арналған іс шаралар жоспары бойынша №44 "Шаттық" бөбекжайы жедел басқару құқығындағы МКҚК-да "Тәуелсіздіктің сырлы бояулары" атты сурет байқауы өткізілді. Байқауға жібірілген жұмыстардың композициялық шешімі, түс үйлесімділігі негізге алынды. Басты мақсат: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды мәдениеттілікке тарту, суретшілік өнерін дамыту.
Байқудың нәтижесі шығарылып, тәрбиеленушілерге диплом және сыйлықтар табысталды.
26.01.2023 жылы №44 "Шаттық" бөбекжайында кезекті №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Бөбекжайдың жылға алған міндеттеріміздің бірі балалардың әлеуметтік ортасында этнопедагогика түрлерін кеңінен үйрету, осы міндетімізге орай педагогикалық кеңесте қолданды. Тақырыбы:Балабақшада этнопедагогика идеяларын қолдану Мақсаты: Этнопедагогиканың түрлерін,оны ұйымдастыру жолдарын, соған байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған атауларды ұйымдастырылған іс-әрекеттерде, күнделікті өмірде, ертеңгіліктерде және тыс уақыттарда қолдану.