Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Әр жыл мезгілдерінің өзіне тән қасиеттері бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа,бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп, өз сұлулығымен таң қалдырып, тірі жандардың жүрегінен орын алады.
Сол мезгілдердің бірі- алтын күз, табиғатымызды сары жапырақтарымен сәндеп, қоңыр салқын ауа-райымен кенелтеді. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, молшылықтың, байлықтың, берекенің болатын уақыты. Осындай күз мезгілінің кереметін балаларымызға насихаттау барысында МКҚК №44 «Шаттық» бөбекжайы 17.10.2023 жылы «Күз сыйы» тақырыбында жеміс-жидектер, көкөністерден жасалған көрме ұйымдастырды. Көрмеге ата-аналар,тәрбиеленушілер өз қолдарынан жасалған шығармашылықтарын паш етті. Көрме жоғары деңгейде өткізілді.





















