№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Жаңалықтар

12-13.12.2024 жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында, Ақтау қаласының жол картасы негізінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған жұмыс жоспарына сәйкес, балаларға Отан туралы, еліміздің тәуелсіздігі туралы түсінік бере отырып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту. Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында “Қазақстан-Отаным!” тақырыбында ертеңгілік және тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді.

#біртұтастәрбиебағдарламасы

#тәуелсіздіккүні

 

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні Ақтау қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ САПАЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОБАСЫ аясында «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ: ЖАҢА БАҒЫТ, ЖАҢА КӨЗҚАРАС»

тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қалалық форумы өтті.

Форумның бағдарламасына сәйкес түске дейін «№42 «Түймедақ» бөбекжайы педагогтер іс-тәжірибелерімен бөлісті. №44 «шаттық» бөбекжайы атынан тәрбиеші Дәулетова Аниса Шопанқызы «Асық» технологиясы бойынша көрме дайындап,көрсетті.

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша, 44 “Шаттық” бөбекжайы ұжымы мектеп-балабақша сабақтастығы бағытында жүргізілген жұмыс нәтижесінде «Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Мектеп пен балабақша» сабақтастығын үздік ұйымдастырғаны үшін дипломмен марапатталды. Бұл біздің ұжымның кәсіби шеберлігі мен балалардың жан-жақты дамуына қосқан үлесінің дәлелі.

Баршаңызға сәттілік және шығармашылық табыс тілеймін!

10.12.2024 жылы  консультативтік пункттің жоспары бойынша бөбекжайға Раунақ Інжу,Мұхтар Айсана, Исенбай Абу-бакир, Ислам Кәусар ата-аналарымен  бөбекжайға келді. Ата-аналар мен балаларға арналған педагогикалық және балалар әдебиетін таңдау  барысында қазақ тілі пәні мұғалімі Жантакбаева С.Қ. топтағы кітап бұрыштарымен таныстырып, балаларға қызықты кітаптарды көрсетті.Үйден келген балдарға бұл өте қызықты болды.

Ата-аналар да өз ризашылықтарын білдіріп,бөбекжай мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып ,тығыз байланыста болатынын жеткізді.

 

№44 «Шаттық» бөбекжайында 02-06.12.2024 жыл аралығында мектепалды және ересек топтарда қауіпсіздік ережелерін сақтау барысында «Үйдегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары»тақырыбында  тәрбие сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайларымен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.Қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту,өз жеке басының кауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

 

№44 «Шаттық» бөбекжайы 06.12.2024 жылы жоспарға сәйкес    «Қыс қызықтары» атты ойын-сауық ортаңғы топтар арасында өткізілді.

Мақсаты: Балаларды қыз мезгілінде ойналатын ойындарға қызығушылықтарын арттыру.

Өткізген дене тәрбиесі нұсқаушысы Қалдыбаева А.Қ.

 

Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты қастерлеген.Біз пәлен ғасырдан бері мал шаруашылығымен айналысып, малға қатысты мәселенің бәрінің майын ішкен халықпыз. Өмір салтымыз, әдет-ғұрпымыз төрт түлік малға мейлінше байланысты. Қаншама атау, ұғым-түсінік, таным мен пайым соған қатысты.Одан өрбитін сөз де, мақал-мәтел де жеткілікті. Мысалы, қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп,жол болып тұрғандығын білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне түсінген адамға астарында үлкен мән жатыр.

№44 «Шаттық» бөбекжайы «Асық» технологиясымен жұмыс жасағандықтан бөбекжай ішілік  «Асық» бұрышын жасақтау байқауы және «Асық ату челленджі» ұйымдастырылып,өткізілді.

 

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің өткен материалдардан білімін нығайту,қарапайым есептерді шешуге, өз ойларын жеткізі білуге, тіл байлығын дамыту және эстетикалық талғамдарын арттыру. Осы уақыт аралығындағы алған білімдерін саралау.

  15.11.2024ж. №44 «Шаттық» бөбекжайында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде №42 «Түймедақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК, №60 «Ертөстік» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК №14 жалпы  білім беретін орта мектеп арасындағы  «Мектеп – бақша» бірлескен серіктестік тобының бағдарламасы аясында, «Педагогтердің ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде жаңа технологияларды қолдану жолдары» атты  жоспары негізінде семинар- тренинг өткізілді.

        №44»Шаттық» бөбекжайы мектепалды топ  тәрбиешісі Кантурлиева Толганай Мухаммеджановна  «Кішкентай саяхатшылар» кешенді  ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті және мектепалды топ тәрбиешісі Джанбирбаева Айнаш Бекбергенқызы   «Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті. «Жақсы көңіл күй-жан азығы» тақырыбындағы тренинг тәрбиешілер Арманд Эльвира Жаксыбековна.,Қамиева Жазира Аманқосқызы өткізді.

№60 Ертөстік бөбекжайы әдіскері Кажапиева Н.О.және тәрбиешілері Аманкулова., Назарбекова М., Құрмашова А., №42 Түймедақ бөбекжайы тәрбиешісі Койбагарова У. №14 жалпы  білім беретін орта мектеп   завучі Ахметова Б.Е., бастауыш сынып мұғалімі Мирманова Г.Қ  және бөбекжай ата-аналары семинар тренинг соңында, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, талдау жасап өтті.Өздерінің ризашылықтарын білдірді.

 

24.10.2024 жылы №44 «Шаттық» бөбекжайында Республика күніне орай «Ән шырқайық бәріміз» атты патриоттық ән байқауы өткізілді.

Уа, туған жер,дариға алтын бесік

Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп

Бір шумақ саған арнап ән айтпасам

Сағыныштан кеудемде келеді өксік дегендей бөбекжай тәрбиеленушілері  өз дайындаған әндерін орындап шықты. Байқау соңында нәтижелері анықталып диплом және сыйлықтармен марапатталды.