28.03.2024 жылы зум платформасында «МДҰ әдіскерінің білім беру сапасын бағалаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында вебинар өткізілді.
Мақсаты:МДҰ педагогтерімен тәжірибе алмасу арқылы, біліктіліктерін арттыру, кері байланыс жасау.
Вебинарды Ақтау қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі оқу әдістемелік орталығының әдіскері Жилгельдина Г.С. ашып берді. Бағдарлама бойынша Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің білім беру сапасын бағалаудың параметірлерлерінің бірі «Білім беру қызметі», «Даму ортасы» тақырыбы бойынша №44 «Шаттық» бөбекжайы әдіскерлері Айтжанова Л.К., Кошмурзаева А.А. слайд арқылы баяндама жасады.
Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің білім беру сапасын бағалаудың параметірлері оның ішінде «Баланың психологиялық жайлылығы», «Денсаулық сақтау қызметі» туралы №58 «Балауса» бөбекжайы әдіскері Уразбекова М.М. толық мәлімет берді.
Келесі параметірі «Отбасы мен баланың мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметіне қажеттілігі» тақырыбында №28 «Балдәурен» бөбекжайы әдіскерлері Кулбаева А.Ж., Есболова А.Р. Отбасы құндылықтары туралы және бөбекжайда оны жүзеге асыру жөнінде баяндама оқыды.
Вебинар соңында кері байланыс орнады.















