Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Солардың ішінде театр маңызды орын табады. Театр – ғажайып, сиқырлы әлем. Театр тәрбиешінің баламен, баланың құбылыстарымен өзара әрекетін ұйымдастырудың бір түрі. Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Бала қуанады, күледі, таңқалады, қайғырады, ойнайды, жаны ашиды, қоршаған ортаны таниды, жан – жақты дамиды, ой - өрісі, сөйлеу қабілеттері өрістейді.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұршық иіруден, әлди айтудан және ұлттық киім үлгісін көрсету жарыс түрінде ұйымдастырылды. Қызметкерлер белсенді қатысып, жүлделі орын алғандар дипломдармен марапатталды.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін дәріптеу арқылы балаларға қазақи құндылықтарымызды көрсету,түсіндіру. Амал мерекесі, көрісу арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
24.02.2022ж күні балабақшада жас мамандар арасында «Үздік жас маман-2022» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, оларға қолдау көрсету, кәсіптік шеберліктерін көтеру мен жетілдіруге жағдай жасау. Байқауға 5 жас маман қатысып, өз білімдерімен жинаған кәсіби шеберліктерін көрсете білді. Байқаудың ережесіне сай барлық кезеңдерінен жоғары балл жинап тәрбиеші Таскымбаева Айгерім Жеңісқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ II дәрежелі дипломмен Олжабай Гулнұр Амантайқызы, ал III дәрежелі дипломмен Кирбаева Инкар Есенгалиевна марапатталды.
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында 25.02.2022жылы ата-аналармен бірлесіп "Әке көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер" тақырыбында бөбекжай ішілік қолөнер байқауы өткізілді. Мақсаты: Бөбекжай ішілік іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру, тәрбиеленушілерге салт-дәстүрімізді таныстыруға,өнерге,қолөнерге баулуға. Байқауға №9 топ, №11 топ,№7 топ, №5 топ, №10 топ,№12 топ ата-аналары белсене қатысып,жүлделі орындарға ие болды.
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Мақсаты: Тәрбиеленушілер мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Тәрбиеленушілерді және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Тәрбиеленушілер мен педагогтердің білім деңгейлеріне мониторинг жүргізілді.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің білім деңгейі, жаңа технологияларды меңгеруі,тәрбиешінің кәсіби деңгейін саралау барысында.