Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін МКҚК №44 «Шаттық» бөбекжайында мерекелік шара аталып өтті.
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
19-20-21.05.2021ж. бөбекжайымыздың түлектерінің қоштасу кеші аталып өтті. 3 МАД топтары тәрбиешілері қоштасу ертеңгілігін ұйымдастырды. Бүлдіршіндеріміз ән салып, би билеп, өнерлерін көрсетті, соңында қоштасу вальсін де биледі. Түлектерімізге ақ жол тілейміз!
Бөбекжайымыздың музыка жетекшісі Ж.А. Байназарова түлектермен оркестр ойнауда.
18.05.2021ж. Бөбекжайымызда "Ханталапай" ойын сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. № 8 "Айналайын" ересек тобы өткізді.
Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады.
Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді.
26.04.2021ж. Бөбекжайымыздың музыка жетекшісі Байназарова Ж.А. «Музыка әлемі» тақырыбында қорытынды ашық оқу қызметін өткізді. алдымыздағы 26.04-15.05.2021ж. аралығында бөбекжайымыздың барлық педагогтері жылдық қорытынды ашық оқу қызметтерін өткізілуі жоспарланды.
17.04.2021ж. бөбекжайымызда ата-аналар мен бірлесе отыра сенбілік ұйымдастырылып 70-жеміс ағаштары, 30-раушан гүлдері т.б өсімдіктер отырғызылды. Бөбекжайымыз келешекте үлкен жемістер бағы болады деп сенеміз!
Сәуірдің 13-18 аралығында бөбекжайымызда "Жол ережесін білейік, есте сақтап жүрейік!" атты ойын сауық мерекесі ересек пен МАД топтары арасында өтті. бүлдіршіндермімізге жолда жүру ережесін түсіндіре отыра ойын сауық түрінде сахналанып ұйымдастырылды.