Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мақсаты: Жас педагогтерге өзін-өзі жетілдіруге және біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау арқылы өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру.
Байқау нәтижесінде:
І орын Жантакбаева С.К.-қазақ тілі пәні мұғалімі
ІІ орын Лесбаева А.Б.-хореограф
ІІІ орын Кантурлиева Т.М.-тәрбиеші
Тәрбиешілер-Дүйсенбаева А.Т., Ерімбетова Н.А. номинациялармен марапатталды.
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында 19.01.2022жылы "Мектепке дейінгі мекемелерде "Асық","Денсаулық сақтау" инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі" тақырыбында қалалық семинар ЗУМ форматында өткізілді.
Мақсаты:Мектепке дейінгі мекеменің жұмыс барысында "Асық","Денсаулық сақтау" инновациялық технологияларды қолдану тиімділігін арттыру.Тәрбиеленушілердің жүйелі білім алу үшін,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
01.10.2021 жылы ұстаздар күніне орай қалалық «Менің сүйікті тәрбиешім!» тақырыбында байқау өткізілді. №9 топтың тәрбиеленушісі Жангирхан Альтаир ата-анасымен бейнеролик дайындалып,байқауға жіберілді.
Мақсаты:
Білімділік: Тәрбиеленушілерге ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Тәрбиеленушілерге еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту
27.08.2021жылы бөбекжайымызда "Ең үздік құм мүсіні" байқауы өткізілді. Байқауға топ тәрбиеленушілері белсене қатысып, ең үздік құм мүсіні анықталып,марапатталды.
Бөбекжайда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 30-тамыз Конституция күніне орай "Ата заңым-айбыным" тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Егеменді ел екенімізді танытатын Ата заңның барлығымыз үшін қасиетті екенін осы шара барысында тәрбиеленушілер тағы бір мәрте дәлелдеді. Ата заңымыздың ғұмыры ұзақ болсын дей отырып, барша қазақстандықтарды Конситуция күнімен құттықтаймыз!!!
Қонаққа Нептун келді. Балалар Нептунмен бірге сумен түрлі ойындар ойнап, су шашып, би билеп мәз-мейрам болды. Шілденің ыссы бір күнін осылай тамаша өткіздік!
18. 06.2021ж. №7 ересек топта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ұлттық ойындар» ойын-сауық өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау,Отанын,елін сүюге тәрбиелеу. Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру.Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Бір-біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадын дамытып, әрекет үйлесімділігін жетілдіру.
МКҚК №44 "Шаттық" бөбекжайында 16-17.06.2021 жылы ересек топтар арасында "Алақай,жаз келді!"атты ашық оқу қызметі өткізілді.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын,бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда -деп А. Құнанбаев өлең жолдарында жырлағандай, балалардың жаз мезгілі туралы түсініктерін толықтырып,жаз мезгілінің ерекшеліктері мен құбылыстарын ойындар арқылы түсіндіре білу мақсатында өтті.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.