Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттақ» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңесінің отырысының хаттамасы
Х А Т Т А М А № 4
Ақтау қаласы 04 желтоқсан 2020 жыл.
(онлайн форматта)
Қатысқандар:- директор А.Бисенова
директордың ш/ж орынбасары Ж. Кенжебаева
әдіскерлер М.Онланбекова, Л.Айтжанова
музыка жетекшісі Ж.Байназарова
ҚК төраймы Н.Сарсенова
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І Н Д Е:
1. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді.
2. Балабақша ішілік дәстүрлі мерекелік іс-шараларды, спорттық іс –шараларды ұйымдастыруда көмек көрсету.
3. Жылдық атқарылған іс - шараларға есеп беру.
1.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : ҚК төрайымы Н.Сарсенова Балабақшадағы келе жатқан жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Аяз атаға хат» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылатындығын хабарлады. Түскен қаражат мұқтаждық танытып жазылған хат иесіне көмек ретінде жұмсалатындығын хабарлады.
2. Т Ы Ң Д А Л Д Ы : әдіскер Л.Айтжанова қалалық, облыстық, балабақша ішілік ұйымдастырылатын байқаулар мен мерекелік іс-шаралар туралы, олардың өткізілу жоспары мен таныстырды.
3.Т Ы Ң Д А Л Д Ы: музыка жетекшісі Ж. Байназарова балабақша ішілік ұйымдастырылатын байқауларға тоқталып өтті. Көрнекіліктер мен құралдар, костюмдерді жаңалау керектігін және қалалық, облыстық, республикалық байқауларға балаларды белсене қатыстыруға шақырды.
4.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : ҚК төрайымы Н. Сарсенова қамқоршылық кеңестің құрылған күннен бастап атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қорытындысын айтып есеп берді. (қорытынды есебі баяндамасы бар)
Шешім:
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттық» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңес отырысындағы қаралған мәселелерді талқылай келе төмендегідей шешім қабылданды:
1. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілсін.
2. Балабақша ішілік дәстүрлі мерекелік іс-шараларды, спорттық іс –шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетілсін.
3. Жылдық атқарылған іс - шараларға есеп берілсін.
Төрайымы: Н.Сарсенова
Хатшы: М.О.Онланбекова















