Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттақ» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңесінің отырысының хаттамасы
Х А Т Т А М А № 3
Ақтау қаласы 27 тамыз 2020 жыл.
(онлайн форматта)
Қатысқандар:- директор А.Бисенова
директордың ш/ж орынбасары Ж. Кенжебаева
әдіскер М.Онланбекова
психолог Л. Айтжанова
қоймашы С.Сулейманова
ҚК төраймы Н.Сарсенова
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І Н Д Е:
1. Бракераждық комиссиямен бірлескен түрде балабақша асханасының тағамдарының сапасын тексеруге қатысу
2. Білім күніне орай балабақшадағы инклюзив балалар мен жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған жанұяның балаларына көмек ұйымдастыру.
3.Ата-аналар мен балалар үшін балабақша әкімшілігінің қамқоршылық кеңеспен бірлескен ашық есік күнін ұйымдастыру.
1.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : директор Бисенова А.О. Балабақшаның тамақтану тәртібіне толық мәлімет берді. Бракераждық комиссиямен бірлескен түрде балабақша асханасының тағамдарының сапасын тексеруге қатысуға шақырды.
2.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : қоймашы С.Сулейманова «Балабақшаның тамақтану тәртібі» тақырыбында баяндама оқыды. (баяндамасы бар)
3.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : психолог Л. Айтжанова бөбекжайымыздағы инклюзив және ерекше қабілетті балалардың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар атап өтілген балаларға және олардың отбасына көмек көрсетуге шақырды. Жаңа оқу жылына арнайы дамыту ойындарымен, құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға кеңес берді.
4.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : әдіскер М.Онланбекова ата-аналар мен балалар үшін балабақша әкімшілігінің қамқоршылық кеңеспен бірлескен ашық есік күнін ұйымдастыруға шақырды. Ашық есік күндері тоқсан сайын ұйымдастырып тұруға шақырды, себеп-салдарына толықтай тоқталып өтті.
Шешім:
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттық» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңес отырысындағы қаралған мәселелерді талқылай келе төмендегідей шешім қабылданды:
1.Бракераждық комиссиямен бірлескен түрде балабақша асханасының тағамдарының сапасын тексеруге қатыстырылсын.
2.Білім күніне орай балабақшадағы инклюзив балалар мен жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған жанұяның балаларына көмек ұйымдастырылсын.
3.Ата-аналар мен балалар үшін балабақша әкімшілігінің қамқоршылық кеңеспен бірлескен ашық есік күні ұйымдастырылысын.
Төрайымы: Н.Сарсенова
Хатшы: М.О.Онланбекова















