Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттақ» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңесінің отырысының хаттамасы
Х А Т Т А М А № 2
Ақтау қаласы 12 мамыр 2020 жыл.
(онлайн форматта)
Қатысқандар:- директор А.Бисенова
директордың ш/ж орынбасары Ж. Кенжебаева
әдіскерлер Л.Айтжанова, М.Онланбекова
ҚК төраймы Н.Сарсенова
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І Н Д Е:
-
Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу, акт жасау.
-
«Алғыс айту» күніне орай тәрбиеленушілер мен ата-аналардың «Сізге мың алғыс» атты челленджін ұйымдастыру.
-
«Мектепке жол акциясы» барысында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына көмек көрсету.
-
Шағын кәсіпкерлерді бөбекжай ішіндегі жөндеу жұмыстары мен көгалдандыру мәселесіне тарту, олардың орындалу жолдарын қарастыру.
1.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : директор Бисенова А.О. Балабақшадағы жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының тізімін анықтап әр-бір жанұяға толық мәлімет берді.
2.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : әдіскер Онланбекова М. осы аталған жағдайы төмен , аз қамтылған көпбалалы отбасылар тізімін анықтап акт жасақтауды өзіне қалдырды.
3.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : ҚК төрайымы Сарсенова Н. карантин режиміне байланысты «Алғыс айту» күніне орай үйде отырған тәрбиеленушілер мен ата-аналардың «Сізге мың алғыс» атты челленджін ұйымдастыруға шақырды.
4.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : әдіскер айтжанова Л.К бөбекжайымыздағы бітіруші түлектерді карантин режиміне байланысты арнайы шығарып сала алмайтындықтан әр-бір түлектің есте қаларлықтай веньеткаға түсуін ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар «Мектепке жол акциясы» барысында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына көмек көрсету акциясын ұйымдастыруға шақырды.
5.Т Ы Ң Д А Л Д Ы : директордың ш/ж орынбасары Ж. Кенжебаева бөбекжай ауласындағы өсімдіктер мен жасыл желектерге тоқтала кетті. ҚК мүшелерін көгалдандыру мәселесіне көңіл бөліп жаңа жеміс ағаштарын, гүл сорттарын отырғызуға шақырды.
Шешім:
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттық» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңес отырысындағы қаралған мәселелерді талқылай келе төмендегідей шешім қабылданды:
-
Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен таныстырылып акт жасақталсын.
-
«Алғыс айту» күніне орай тәрбиеленушілер мен ата-аналардың «Сізге мың алғыс» атты челленджі ұйымдастырылсын.
-
«Мектепке жол акциясы» барысында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына көмек көрсетілсін.
-
Балабақша ауласына жеміс ағаштары мен гүлдер отырғызылсын.
Төрайымы: Н.Сарсенова
Хатшы: М.О.Онланбекова















