№44 «ШАТТЫҚ» БӨБЕКЖАЙЫ

Ақтау қ. бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кнопка диктора

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттақ» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңесінің отырысының хаттамасы

ХАТТАМА № 1

Ақтау қаласы 07 ақпан 2020 жыл.

 

Тақырыбы: «МДҰдағы қамқоршылық кеңес ұйымын құру»

 

Қатысқандар:- директор А.Бисенова

директордың ш/ж орынбасары Ж. Кенжебаева

әдіскерлер Л.Айтжанова, М.Онланбекова

есепші И.Далабаева

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. МДҰдағы қамқоршылық кеңес ұйымын құру

  2. Қамқоршылық кеңес пунктінің жұмыс жоспарын құру.

  3. Балабақша ішілік ұйымдастырылатын іс-шараларға белсене араласу.

 

1.ТЫҢДАЛДЫ : директор Бисенова А.О. ата-аналар арасынан қамқоршылық кеңестің мүшелері етіп сайлануға шақырды. «Қамқоршылық кеңестің балабақша өміріне маңызы» тақырыбында баяндама оқылып, мысалдар келтірді. (баяндамасы тіркелген)

 

2.ТЫҢДАЛДЫ: әдіскер Айтжанова Л. ата-аналарды қамқоршылық кеңестің алға қойған мақсаты, құрылымы жөнінде таныстыра кетіп, балабақша өміріне қажеттілігі туралы айта кетті.

 

3.ТЫҢДАЛДЫ: әдіскер Онланбекова М. балабақша ішілік қамқоршылық кеңес пунктінің жасақталған жоспарымен таныстырып, әр-бір пунктіне жеке тоқталып өтті.

4.ТЫҢДАЛДЫ: есепші И.Далабаева балабақша ішілік құрылған қамқоршылық пунктіне мемлекеттен арнайы қаржы бөлінбейтіні жөнінде және де ата-аналар тарапынан өз еріктерімен демеушілік танытып, қаржы жинап және де оған қамқоршылық кеңес төрайымы жауапты екнін айта өтті.

 

Шешім:

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №44 «Шаттық» бөбекжайы МКҚК-ның қамқоршылық кеңес отырысындағы қаралған мәселелерді талқылай келе төмендегідей шешім қабылданды:

 

  1. Қамқоршылық кеңес пунктінің мүшелері құрылсын.

  2. Қамқоршылық кеңес пунктінің жоспарын бекітілсін.

  3. Қамқоршылық кеңес мүшелері балабақша тыныс-тіршілігімен толық таныстырылсын.

 

Төрайымы: Л. Айтжанова

 

Хатшы: М.О.Онланбекова