Мақсаты: Отбасы ынтымақтастығын дамыту, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі мен белсенділігін арттыру. Бөбекжай мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.
«Ана- сая болар бағың болса, Әке асқар тауың дейді қазақта». Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың борышы.Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы.Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын, оған қарап өсетін ұрпақ тәрбиелеу.















